Спорт

Петропавлда өңірлік “Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасы жалғасуда

Ерік Сұлтанов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Оқу жылының басында “Нұр Отан” партиясының бастамасымен “Мен чемпионмын” жобасы бастау алып, оған 8 мыңнан артық солтүстікқазақстандық оқушылар қатысты. Бұл СҚО-да бұқаралық спорттың дамуына оң пайдасын тигізіп отыр. Сіздерге спортта сәттілік, жетістіктер және үлкен жеңіс тілеймін.

Ал, бұл – сайыстың басты символы. Дәл осы “Мен чемпионмын” жеңімпаз кубогы үшін Петропавл қаласынан және аудандардан жиналған 16 команда 4 күн бойы сынға түседі.

Евгений Сазанов, “Я-чемпион” спорттық балалар жобасының авторы.

-Спорттық жобаның жалпы республикалық дегейге жеткенін қалаймын. “Мен чемпионмын” ойындарын ауыл-аймақтық мектептердегі оқушылар да ойнаса деймін. Мұндағы декорациялардың барлығын біз өзіміздің жергілікті кәсіпкерлермен ортақ күшімізді жұмылдырып жасадық.

Бүгін мұнда тек үздіктің-үздіктері ғана жиналған. Бұл бақталастықтың жоғары болатынының кепілі. Қатысушылардың барлығы тек жеңістен ғана дәмелі.

Жанель Тасболатова, “Сұңкар” командасының ойыншысы, Уәлиханов ауданы.

-Біз финал деп қорықпаймыз, дайындалдық енді жеңіске жетуден үміттіміз.

Абылай Ерденбаев, “Сұңкар” командасының жаттықтырушысы, Уәлиханов ауданы.

-Жеңеді-ау деген командалар баршылық. Олардың қатарына Есіл ауданының құрамасын жатқызуға болады.

Міне бірінші жарыс та басталып кетті. Құрамалар тек алға ұмтылуда. Көк түсті киімде – Мамлют ауданының үмітін арқалап келген “Радуга” ал, қызыл формадағы Айыртаулық “Виктория” командасы. Мынадай үңгірден жер бауырлап өту, одан соң теннис добын бейсболшының қолғабына дәл түсіру сынды тапсырмалар біреуге қиындық туғызса, кейбір шапшаң оқушыларға оңайға соқты. Бағдарла осындай ерекше ойындарға толы.

Михаил Дедов, сайыстың бас төрешісі.

-Олимпиадалық жүйемен ұтылған команданы ойыннан шығарып тастау арқылы сайысады. Жеңімпаз – капитандар сайысында ұпайды есепке алу қағидасымен анықталады. Ал өзге қағидалар уақыт үнемдеуге байланысты. Уақытты үнемді пайдаланған топ эстафетаны ертерек әкеліп жеңіске жетеді.

Бірінші сайыстың қорытындысы бойынша қызыл киімді Айыртаулық жас спортшылар көш бастап тұр.

Дмитрий Коволёв, “Виктория” командасының капитаны, Айыртау ауданы.

-Қорқынышты, бірінші рет қатысып отырмыз, оның үстіне шешуші кезең- жауаптылықты талап етеді.

“Мен чемпионмын” балалар спорттық ойынының бұл маусымы Наурыздың 29-ы өз мәресіне жетеді.

 

 

Акбопе Танирберген.