Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» пойызы Тайынша қаласында

Тайынша вокзалына бұл жолы халық көп жиналған. Түрлі ұлт өкілдері қадірлі қонақтарды күтіп алуға ертеден қамданыпты. Міне пойыздың станцияға жеткені хабарланып, ол бірінші алаңға келіп тоқтады. Теріскейліктер ерекше қонақжайлылық танытып, меймандарға қазақы дәстүр бойынша шашу шашты. Ақ дәмін ұсынып, жыр арнады. Кейін қасиетті солтүстік жеріне аялдаған пойыз жолаушыларын аудан әкімі Серік Салтықов құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Серік Салтықов- Тайынша ауданының әкімі.

-«МеніңҚазақстаным» пойызының қатысушыларына біздің өңірге қош келдіңіздер деймін. Туған елімізде көптеген ұлттар мен ұлт өкілдері тату-тəтті тұрып, еңбектеніп жатыр. Олардың бəрін біріктіретін – ортақ болашағымызға деген сенім жəне мəдениетке деген өзара сыйластық. Бұл – біздің басты құндылығымыз. Елімізде салтанат құрған бірлікті сақтау, дінаралық келісім мен татулықты нығайту ісіне өз үлесімізді қосу – əрқайсымыздың парызымыз.

2015 жыл Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» болып жарияланды. Тәуілсіздікке тірек болған бірегей институт – ел бірлігінің ең басты тұтқасы. Қоғамдық бірлестік қазақстандықтарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, олардың арасындағы достық пен бірлікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мұны пойыз жолаушылары, яғни ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары да айтуда.

Зухра Саяпова- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.

-Біз Қазақстан халқы – көпұлтты мемлекет. Өз шекарамызды достықпен бекіттік. Бізде ассамблея сынды бірегей институт бар.

Елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз отаны санайды. Бірақ олардың тцған тілдері мен төл мәдениетін үйренуге тыйым салынбаған. Бір шаңырақ астында айрандай ұйып отырған 130- дан астам ұлт өкілдері бүгіндері осындай мемлекетте өмір сүріп келетіндерін мақтан тұтады.

Гүлдана Жәкенова.

-Біздің елде көптеген ұлт өкілдері бірлікте, тату-тәтті тұрады. Мен қуаныштымын. Жұмыс бар, жағдайымыз жақсы.

Анастасия Дмитриенко.

-Ұлтым поляк. Мен нақ осы елде туып- өскенімді мақтан тұтамын. Біздің сапалы білім алып, жұмыс істеуімізге барлық жағдайлар жасалған. Сондықтан келешекте бар күш-жігерімді өз отаным – Қазақстанның дамуына жұмсайтын боламын.

Кейін ақпараттық пойыздағы түрлі сала өкілдері өз жұмыстарын бастап кетті. Яғни олар жергілікті тұрғындарға заңдық және әлеуметтік кеңестер берді. Сондай-ақ, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қабылдауына жазылған тұрғындардың да қарасы қалың. Мысалы, Райхан Темірбекова Тайынша қаласында мемлекеттік тілде білім беретін мектеп салынса екен деген өтінішін арқалап келген екен.

Райхан Темірбекова-Тайынша қаласының тұрғыны.

-Қазіргі оқу ордасында 3 аусымда 400-ге жуық балғын білім нәрімен сусындап жүр. Сондықтан бізге қашан жаңа мектеп салынады?

Ал бұл уақытта аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, банк өкілдері тұрғындарға өз кеңестерін беріп жатыр. Мұнда келіп, маман көмегіне жүгінгендердің бірі Баян Ысқақова.

Баян Ысқақова- «Искакова» ЖК директоры.

-Мында мамандар келді дегенді есіп әдейі келдім. Мен жалпы бизнеспен 2006 жылдан бері айналысамын. Бұрындары банктерден несиені үлкен пайызбен алатынмын. Осы жылы «Даму» қоры арқылы несие алып, оның жартысын мемлекет субсидиялады. Бұл үлкен көмек болды.

Тайыншалықтарға өздері ұсынатын қызметтері жайлы айтуға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ елордалық өкілдері де келіпті.

Ерұлан Жамаубаев- «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарушы директоры.

-Тұрғындарды көбінесе тұрғын үй мәселесі мазалайды. Біз осы жағынан халыққа түрлі кеңестер береміз.

Сондай- ақ, меймандар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі «Надежда» интернат- үйін де аралады. Бүгіндері мұнда 120 адам тұрып жатыр. Олардың қатарында 1 ҰОС ардагері мен 21 тыл еңбеккері бар. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан бұл қарияларға мерейтойлық медальдар табыс етілді. Ондай құрметке лайық болғандардың қатарында Бибзат Бекбаева да бар.

Бибзат Бекбаева-тыл еңбеккері.

-Еңбегім бағаланып, медаль алып жатқаныма қуаныштымын. Елімізге татулық, бірлік, берке тілеймін.

Меймандар 20 ізгі іс акциясы аясында мұндағы қарияларға шағын сыйлықтарын табыс етті. Кейін мекемедегі ардагерлердің құрметіне шағын концерт ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жəне Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып Астанадан шыққан «Менің Қазақстаным» пойызы 22 сәуірге дейін еліміздің барлық аймақтарын аралап, тұрғындармен осындай кездесулер ұйымдастырмақ.

Ғазиз Телебаев- «Менің Қазақстаным» пойызының басшысы.

-Бұл халыққа қолдау көрсету мен кеңес бер үшін ұйымдасмтырылып жатыр.

Күннің екінші жартысында пойыз жолаушылары семинарлар, дәрістер сынды тағы бірқатар шаралар өткізді. Ал кешке тайыншалықтар үшін Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырлылды. Ал ертең пойыз Атбасарда аялдамақ.

 

 

 

Магжан Ахмадина.