МТРА жаңалықтары

Құқықбұзушылықтардың алдын-алу

Бауыржан Рахымжанов – СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы

– Ағымдағы жылдың басынан құқық қорғау бағытындағы қоғамдық жасақтардың қатысуымен 15 қылмыстың беті ашылып, 73 әр түрлі әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Үйлердің ауласында болатын қылмыстардың алдын-алуда пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары белсенді ат салысады.

Қазіргі уақытта қалада 7 үйішілік аула мен 27 подъезде бейнебақылау камералары орнатылған.
М.Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев жасөспірімдер арасында алкогольдік өнімдер пен есірткіні пайдалану фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізілетінін және оларды әр түрлі мәдени-спорттық шараларға тартуға ерекше көңіл бөлінетінін баяндады.
Ауданда темір тордан босап шыққандарды жұмыспен қамту және қайта оқыту тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.

Қайрат Пішенбаев – М.Жұмабаев ауданының әкімі

– Аудандық қылмыстық-атқару бөлімі пробация қызметінің есебінде 22 сотталған азамат тұр. Оларды оңалту бойынша жеке бағдарламалар құрылған. 21-не әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

Ведомствоаралық комиссия мүшелері аудандағы кейбір көрсеткіштерді жақсарту бойынша өздерінің ұсыныстарын білдірді. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазастан облысының әкімі

– Қоғамдық жерлерде қылмыстар пайда болған. Бұған жол бермеу қажет. Осы мәселені келесі тоқсанда тағы бір талқылау қажет. Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту керек.

Жамбыл ауданында қылмыстардың саны өткен жылы 0,5 пайызға азайған. Істерді ашу деңгейі 42,6 пайызды құрап отыр. Мұнда да түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мән беріледі. Өңір жетекшісі жазасын өтеу мекемелерінен босап шыққан азаматттармен де етене жұмыс істеуді ескертті.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі “По информации правовой статистики у вас ранее судимые совершили преступлений на 20 процентов больше”.

Иван Турков – Жамбыл ауданының әкімі

– С ранее судимыми стараемся проводить работу. Они берутся на контроль, им предлагается работа, но, к сожалению, не всегда эти люди идут навстречу.

Бұл мәселе ведомствоаралық комиссияның келесі отырысында тағы бір егжейлі-тегжейлі қарастыралатын болып шешілді.

 

Данаш Хамзина.