МТРА жаңалықтары

Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымы наурыз мейрамын тойлады

Оған қатысуға 4 нәзік жанды қызметкер ниет білдіріпті. Олар әділ қазылар алқасына өз өнерлерін көрсетуде. Бастысы арулар ұлттық дәстүрді насихаттауы тиіс. Сайыста бағын сынаушылардың бірі – Петропавл қалалық “ХҚКО” 2-ші бөлімінің инспекторы Дана Әскерова тұсау кесер рәсімін әзірлепті. Жалпы байқауға тыңғылықты дайындалғанын айтады.

Дана Әскерова – “ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалы Петропавл қаласы №2 бөлімінің инспекторы

– Байқау қызықты өтуде. Барлығы мықты дайындықпен келген.

Сонымен қатар конкурсқа қатысушы нәзік жандылар ән айтып, өздерінің тағы бір қырларын паш етті.

Әсия Рүстемова – “ХҚКО” РМК СҚО бойынша филиалының мемлекеттік тілді дамыту маманы

– Бұл байқауға 4 қызметкер қатысуда. Олар мемлекеттік тілде өздерін таныстырып, ұлттық дәстүрлерді насихаттайды.

Сайыс соңында әр қатысушы әділ қазылар алқасына өздері дайындаған қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды. Сөйтіп, байқау қорытындсы бойынша Петропавл қалалық халыққа қызмет көрсету орталығының бірінші бөлімнің инспекторы Қарлығаш Садриева “Наурыз ару” атанды.

Риат Шони.