Билік

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Қабдула Шыңғыс – ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы

– Бұл бағытта біз жастармен жұмыс жүргізуге көп көңіл бөлеміз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырамыз. Тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен кездесулер өтеді.

Осы департаменттің жанынан жедел-үгіт-насихат топтары құрылған. Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Оның қатарында қоғам қайраткерлері, депутаттар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері бар. Ведомствоның тағы бір мақсат-міндеті – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы жүргізілуін қадағалау мен бизнесті қолдау.

Жиында Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев те сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жайында баяндады. Бірақ, оның ақпараты ведомствоаралық комиссия тарапынан сынға ұшырады.

Степан Зайтлер – СҚО прокуроры

В вашем докладе анализа как такого не услышали. Кто подвержен? Какая работа в этой свере проводится? Какие формы, методы, анализы, анкетирование?

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– На самом деле здесь нет не противодействия корупции, ни профилактической работы.

Жиынның соңында өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне тиісті тапсырмалар жүктеді.

 

Данаш Хамзина.