МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандық монополистер қызмет көрсету құнын өсірмекші

 

Арман Өтегенов, СҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы

– 2014 жылдың 28-ші қарашасында “Есіл су” кәсіпорны облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіне тариф сметасын 5 жылға бекітіп беру туралы өтінішін түсірді. Біз қазір оны қарастырып жатырмыз. Ол үшін мекеме инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруы тиіс. Сөйтіп, 5 жыл ішінде инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға Есіл су 212 млн. тг. Бағыттамақшы.

Бүгінде мемлекеттен “Есіл су” кәсіпорынына субсидия түрінде тіршілік көзінің 1 кубына 498 теңгеден бөлінеді. 5 жыл ішінде инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылса, судың 1 кубына мемлекеттен берілетін субсидия 1 мыңға дейін артуы мүмкін.

Марат Жантілеуов, “Қазсушар” ШЖҚ РМК “Есіл су” филиалының бас инженері

– Аталмыш өзгеріске қарапайым тұрғандырдың алаңдауына еш негіз жоқ.
Олар бұрынғы бекітілген тариф бойынша судың бір кубына 40 теңге төлейтін болады. Біз бұл қадамға амалдың жоқтығынан барып отырмыз. Себебі, соңғы жылдары кәсіпорынның шығыны артып кетті. Реагенттердің құны өсті, топтық су құбырлары күрделі жөндеуді қажет етеді және техника паркі жаңарту керек.

Су таратушы мекеме басшылығы келешекте шығындарын азайту мақсатында инвестициялық бағдарлама аясында кәсіпорындағы жаңғырту жұмыстарына бірнеше миллион теңге бағыттамақшы.

Берик Касен.