МТРА жаңалықтары

Петропавлда жерлестерімізді сайлауға белсенді қатысуға үндеген шара өтті

Жангелді Тәжин- қалалық мәслихатының депутаты

– Осы сайлауда да халқымыз белсенділік танытып, науқанға қатысуы керек. Ол ел дамуы үшін маңызды.

Осыған орай Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен «Нұр Отан» партиясы бірлесіп, «біз – Қазақстан халқымыз» атты ауқымды акция ұйымдастырды. Оның мақсаты – қазақстандықтарды сайлауда белсенділік танытуға шақыру. Егемендік алған 23 жыл ішінде еліміз талай белестерді бағындарды. Сондықтан жиынға қатысушылар алдағы уақытта да мемлекетіміздің алға басуын қамтамасыз ететін көшбасшыны таңдау қажет деді.

Артур Молдағұлов- «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары

– Біз ел тыныштығы мен дамуы үшін дауыс беруміз керек. Экономикамыз еселеніп, халықтың әлеуметтік жағдайы жыл санап өсуде. Соңғы кездері әлемді жайлаған дағдарысқа қарамастан еліміз алға қадам жасауын тоқтатқан жоқ. Сондықтан біз ел үшін маңызды шараға қатысып, өз дауысымызды ел дамуы мен тұрақтылығы үшін беруіміз қажет.

Кейін «Қош келдің әз- Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттап, ән-жырдан шашу шашты. Мың бұралған бишелер өз өнерін көрсетті.

Магжан Ахмадина.