Балалар

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шара өтті

Михаил Калашников, М.Қозыбаев атындағы СҚМУдың студенті

– Байқауды 2-ші рет өткізіп отырмыз. Сондықтан оған қатысушылардың саны артып келеді. Байқауды қызықтаушы көрермендер де баршылық. Бұл байқау студенттердің бойындағы талантын ашуға көмектеседі. Бүгін ақтық кезеңге 9 адам өтті. Олар әр аталым бойынша би билейді, ән айтады және жеке немесе басқа автордың өлеңін мәнерлеп оқиды.

Байқауға қатысушылардың өнерін ардагерлер бағалады. Сахынада үміткерлер қысылмай бір-біріне бәсеке туғызды. Әр үміткер сахынаға шыққанда жанкүйері қызу қолдап отырды.

Галина Чевягина байқаудың “Шабыт” аталымына қатысты. Нәзік жанды “Мы из будушего” заманауи кинофильмінен алынған соғыс туралы өлеңнен үзінді келтірді.

Галинаның өлеңді мәнерлеп оқуы қазылар алқасының көңілінен шықты. Олар бір ауыздан нәзік жандыға жоғары ұпай берді.

Галина Чевягина, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті

– Мен оқыған Анна Калашникованың өлеңінде соғыс жылдарындағы жастар мен қазіргі өскелең ұрпақтың өмірін салыстырған. Онда бұрынғы заманда адамдар жарға, Отанға деген махаббатты бағаласа, осы күнгі жастар
ресторан, барды жағалап тым жаман әдетке әуес болып кеткендігі ащы мінеп-сыналады. Сондай-ақ шығарма авторы бір шумағында ел басына күн туған шақта қазіргі жастар Отан үшін жанын пида етер ме еді деген ойды та ортаға тастайды.

Байқаудың қорытындысы бойынша гран-приді жаратылыстану және спорт факультетінің студенті Диана Нұрманова жеңіп алды.

Берик Касен.