МТРА жаңалықтары

«Қазақтелеком» АҚ наурыз мерекесі қарсаңында өз клиеттерін марапаттады

Айнаш Исалина – Петропавл қаласының тұрғыны.

– ID net интернетін қосқаныма еш өкінбеймін. Бұл қызмет түрін таңдауыма жолдастарым көмек көрсеткен болатын. Еш шағымым жоқ. Барлығы жылдам әрі сапалы. Міне оның үстіне ұлық мейрам – Наурыз мерекесі қарсаңында марапатқа ие болып отырмын.

ID TV интерактивті теледидар қызметі арқылы қазіргі таңда 100-ден астам сапалы арнаны көруге болады. Бұл қызметке де соңғы кезде сұраныс артқан. Мереке қарсаңында ID TV теледидарына 10 000-шы болып қосылған абонетке де осындай марапат көрсетілді.

Гүлмира Хаирова – Петропавл қаласының тұрғыны.

– Бұрын мен Есіл КТВ желісіне қосылған болатынмын. Міне екі ай уақыт болды, мен ID TV желісі арқылы теледидар көріп жатырмын. Өте ризамын. Сапасы барлығы жақсы. HD каналына да қосылдым.

Юрий Гнусин – “Қазақтелеком” АҚ ОТД коммерциялық директоры.

– Міне, мерейтойлық абонеттерімізге керемет мереке қарсаңында сыйлық табыстап жатырмыз. Петропавл қаласының тұрғындары ID net интернетін бес жыл уақыт бойы пайдаланып келеді. Қазір интернетке қосылу жылдамдығы секундына 120 мегабитке дейін жетіп отыр.

Бүгінгі күні “Қазақтелеком” АҚ-да 1200-ден астам азамат еңбек етеді.

Джакупов Самат.