Аптадағы маңызды жаңалықтар

Көрші Омбы облысынан элиталық тұқым сатып алынды

Александр Юст – «Таманское» ЖШС-нің бас агрономы, М.Жұмабаев ауданы.

– Бұл өнімді сатып алудағы мақсатымыз – биылғы жылы бидайдың ерте жетілетін түріне басымдық бемекшіміз. Сондықтан, осы екі сұрыпты өсіріп көруге бел будық. Бұдан бөлек, өзімізде басқа сұрыпты тұқым да баршылық.

Өсімдік шаруашылығымен серіктестікте 60 жыл көлемінде айналысып келеді. Ал соңғы 5 жылда диқандар өздері тұқымды сұрыптап, жаңа түрлерін шығаруды да қолға алыпты. Жалпы “Таманское” серіктестігінің 11 мың гектардан астам алқаптары бар. Оның 7 мыңын бидайға бөліпті. Сонымен қатар, бір мың гектарына көпжылдық шөптер мен тағы соншасына мал азығын себетін көрінеді. Өткен жылғы ауы райының ауыртпалықтарына қарамастан, шаруашылықтағылар гектар басынан 18 центнерден өнім жинап, барлығы қамбаға 14 мың тонна бидай құйған. Бүгінде агроқұрылымдағыдар алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты тамамдауға шақ қалды. 300 тонна жанар-жағармай салып, барлық техникасын сайлаған.

Александр Юст -«Таманское» ЖШС-нің бас агрономы, М.Жұмабаев ауданы.

– 2015 жылғы егістік науқанында алқаптарға шығатын тракторлардың дені толық жөндеуден өтіп, тексерілді. Жөндеу жұмыстары 90 пайызға еңсерілген.

Көрші Ресейден бидайдың жаңа сұрыптарын жеткізген бұл жалғыз серіктестік емес. Барлығы шекалас өңірден М.Жұмабаев ауданының диқандары 2000 тоннаға тарта тұқым сатып алыпты.

Рахат Смағұлов – М.Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

– Облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Омбы өлкесінің губернаторының кездесуінің нәтижесі ретінде әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Сөйтіп, қазір өңірдің агроқұырылымдары көршілеріміздегі тұқымөсіруші шаруашылықтардан бидайдың элиталық тұқымдарын сатып алуда. Әсіресе, биыл диқандар вегетациялық мерзімі 80 күннен аспайтын ерте және орташа пісіп жетілетін сұрыптарға басымдық беруде. Бұл өз кезегінде күзгі орақты барынша ерте бастауға мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылы М.Жұмабаев ауданында 425 мың гектар жерге дән сіңіру көзделген. Оның ішінде бидай 348 мыңына себіледі. Тағы 32 мың гектарға майлы тұқымдастар, 42 мыңына мал азығы және 2 гектар алқапқа көкеніс пен картоп отырғызылады.

 

Шохтыбаева Гульмира.