Билік

№20 орта мектепке Жұмабек Тәшеневтың есімі берілді

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Ардақты тұлғаның солтүстік аймақтардағы игі істерінің тарихи маңызы ерекше. Ұлтын сүйген азамат қайсарлығының арқасында еліміздің аумағының тұтастығын сақтауға көп еңбек сіңірді. Нар тұлғаның өнегелі өмірі тарихта алтын әріптермен жазылған. Сондықтан халқымыздың ардақты ұлына осындай құрметтің көрсетілуі өте лайықты. Ел мақтанышына айналған ағамыздың жарқын бейнесі біздің жадымызда әрқашан сақталады.

Ер есімі әрқашан ел есінде деген осы. Бұл ретте, облыс орталығында орналасқан 20-шы орта мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневтың есімі берілді. Салнататты шараға қатысқан ағамыздың ұлы Саян Ташенев әкесіне көрсетіліп жатқан мұндай ілтипатқа ризашылығын білдірді.

Саян Ташенев – Жұмабек Ташеневтың ұлы.

– Біздің отбасымыз үшін бүгін ерекше оқиға. Себебі облыста әкемнің құрметіне ескерткіш ашылып, мектепке оның есімі беріліп жатыр. Бұл өте құптарлық іс деп ойламйын. Себебі ол кісі өзінің өмірінің басым бөлігін осы жерде өткізді. Еңбек етті. Осы үшін барша солтүстікқазақстандықтарға алғысым шексіз.

Мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткішін ашу мәртебесі облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен Саян Ташеневке берілді. Кейін жиналған жұртшылық мектеп қабырғасынан ашылған мұражайды аралады. Мұнда нар тұлғаның фотосуреттері мен қолданған заттары жинақталған. Кейін Сабит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Мәңгілік Елдің парасатты тұлғасы- Жұмабек Тәшенев” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекетті мұрағатының директоры.

– Бізде мұрағатты бұл кісі туралы мәлімет көп. Себебі ол біздің өңірде 15 жыл бойы қызмет атқарған. Ол кісінің қолы қойылған құжаттар бар. Мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларында да атқарған істеріне қатысты деректер бар.

Жұмабек Ташенев 1986 жылы өмірден өтті. Бүгінгі күні Елордамыз – Астана, Көкшетау және Шымкент қалаларында ағамыздың есімімен аталатын кешелер бар.

Джакупов Самат.