Спорт

Жерлес гір спортшыларымыз әлем чемпионатынан жеңімпаз болып оралды

Виктория Рогачева – гір спортынан әлем чемпионы

– Жалпы өзім 16 келілік гірді көтеріп жаттығатынмын. Жарысқа барғанда жас ерекшеліктермен бөлгенде 10 келі түсті. Сәйкесінше, ол маған айтарлықтай жеңіл болды. Сонымен қатар сайыста жарты сағат көлемінде гірді 377 рет жұлқи көтеріп, әлемдік рекордты да жаңарттым. Оған өте қуаныштымын.

Виктория Рогачевамен бірге өз бағын сынауға 63 жастағы Ерік Нұрпейісов те барған болатын. Гір спортымен 10 жылдан астам уақыт бойы айналысып келе жатқан ардагер спортшы халықаралық дәрежедегі жарысқа алғаш рет қатысыпты. Аяқ алысы жаман емес. Бірнеше елдің спортшыларын шаң қаптырған жерлесіміз 11 алтын медальды қанжығасына байлапты.

Ерік Нұрпейісов – гір спортынан әлем чемпионы

– Қарсыластарым мықты болды. Оңайға соққан жоқ. Бірақ жеңімпаз атандым.

Жалпы бұл жеңіс – қос спортшы үшін де алғашқы ірі жетістіктерінің бірі. Бұл турнирдан кейін жерлестеріміз Гиннес рекордтар кітабына еніпті.

Виктор Сайко – гір спорты бойынша өкіл бапкері

– Мен бұл турнирда жолымыз болатынына сенімді болдым. Өйткені, өз басым ол жарыстардың ерекшелігін білетінмін. Өкінішке орай әлемдік дағдарысқа байланысты АҚШ, Германия, Польша сынды мықты елдердің спортшылары келе алмай қалды. Деседе, оларға қарамастан бізге бәсекелестік туғызған мемлекеттер болды. Бірақ тәрбиеленушілерім менің сенімімді толығымен ақтады.

Жалпы Ресейде өткен жарыста ел намысын 8 спортшы қорғапты.

 

Риат Шони.