Денсаулық сақтау

Жаңа қондырғылардың мүмкіндіктері

Владимир Синицких- Облыстық аурухананың лор бөлімшесінің меңгерушісі

– Науқасқа ота жергілікті анестезиямен жасалады. Міне экранда көріп тұрғандарыңыздай мұрында көгілдір не мөлдір жабысқақ пайда болады. Соны алып тастау қажет. Ондай операциялар 10 минут пен 1 сағат аралығында жасалады. Ол жаңа құрылғының арқасында еш ауыртпалықсыз орындалады. Емделушіні отадан соң, 1 сағаттан кейін бірден үйіне жібере аламыз. Жалпы жыл басынан осындай диагнозы бар 50 науқасқа көмектестік.

Мұрындағы осындай ісіктер тыныс жолдарын жауып, адамның дем алуына кедергі келтіреді. Мұндай проблемаға 53 жасар Сәкен Шакенов бір ай бұрын тап болған. Тайынша ауданынан келген науқасқа бүгін облыстық ауруханада ота жасалды.

Сәкен Шакенов

– Операция істеді. Барлығы сәтті өтті. Жақында үйге ораламын.

Бұл эндоскопиялық апаратты емдеу мекемесі өткен жылдың соңында алған. Ресейлік қондырғының құны 11 млн теңге.

Ботагөз Сүлейменова- облыстық ауруананың бас дәрігерінің емедеу бойынша орынбасары

 

– Бүгіндері облыстық аурухананың барлық бөлімшелері осындай эндоспопиялық құрал жабдықтармен жарақталған. Ол оталарды сапалы жасауға көмектеді. Оны білікті мамандар орындайды.

Жалпы жыл басынан бері облыстық аурухана дәрігерлері 2 мыңнан астам науқасқа ота жасаған.

Магжан Ахмадина.