Мәдениет

Суретшілер байқауы өтті

Батыр Әбілмәжінов, “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің бөлім меңгерушісі

– Бұл тақырыптың мамұны тереңде жатыр. Сондықтан авторлардың ол жайында көзқарасы әр түрлі. Біреу аңыздағы батырларды салса, енді бірі көшпелі тұрмысты бейнелеген. Бірақ, оның барлығы тамаша орындалған туындылар. Біз осы жобада алғаш рет әлеуметтік желілердің мүмкіндігін пайдаландық. Осы көрмеге қатысты жаңалықтарды сонда талқыладық.

Сурет байқауына 14 пен 30 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Олар жас ерекшеліктері бойынша екі санатқа бөлінді. Екі аталым бойынша үздік туынды иелері мен жүлделі орындарға іліккендерге сыйақы мен алғыс хаттар табысталды.
Мына жұмыс “Қазақ пен жоңғардың шайқасы” депа аталады. Оны суретші Дарья Чужанова гуашпен салған.

Дарья Чужанов, байқауға қатысушы

– Қазақ хандығы тұсында елін жауға бермес қырағы қазақ батырлары көп болды. Сол заманда жоңғарлар қазақтарға жиі жабуыл жасаған. Бірақ, тайсалмас ерлер осыншама ұшы-қиырсыз елді кейінгі ұрпаққа аманаттап кетті. Жаужүрек батырлардың ерліктері маған қатты әсер етті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған байқауда Тайынша ауданындағы өнер мектебінің оқушылары да бақ сынап көрді.

Меруерт Тіленова, Тайынша ауданы

– Жұмысыма қажетті идеяны кітаптардан іздеп таптым. Ойымды жинақтап суретті салу үшін кешке дейін отырған кездерім болды. Мен бүгін еңбегім үшін 3-ші орынға бағаланғанына қуаныштымын.

Байқауда 16 мен 20 жас аралығындағы үміткерлер арасында 1-ші орынды Надежда Гусельникова жеңіп алды. Ол көрмеге “Ел үшін” туындысын ұсынған.

Берик Касен.