Без категории

Соғыс ардагерлеріне мерекелік медальдар табыс етілді

Қожатай Некібаевқа бүгін мерекелік медаль табыс етілді. Ол 2-ші Украин майданына қатысып, бірнеше қаланы жаудан азат етуге ат салысқан. Соғыстан кейін 32 жыл мұғалім қызметін атқарған қарт майдангер мейрам қарсаңында басымызды қосып, қамқорлық танытып жатқарына ризамын деді.

Қожатай Некібаев – Ұлы Отан соғысының ардагері

– Соғысқа қатысқандар азайып қалдық. Күн санап, азайып, сиреп жатыр. Ендігі біздің тілегіміз – елімізде тыныштық болып, жұртымыз аман болып, болашақ жастарымыз білім қорымен сусындап, Қазақстанның жақсы, білімді, парасатты азаматтары болып шығып, елімізді одан әрі дамытатынына тілектеспіз.

Биыл облыс орталығындағы 156 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 6 мың тыл еңбеккері осындай мерекелік медальдармен марапатталады.

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі

– Елімізге бейбітшілік сыйлаған сіздер. Ерліктеріңіз ешқашан да ұмытылмайды. Осы Жеңістің арқасында біз бақытты өмір сүріп, баламызды тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, сіздерге үлкен құрмет, шексіз алғысымызды білдіреміз.

Мерекелік медальға ие болғандардың арасында Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі Жамиля Гинатулина да бар.

Жамиля Гинатулина – Ұлы Отан соғысына қатысушының жесірі

– Біз қазір бейбіт елде тұрып жатырмыз. Мемлекеттің қолдауын сезінудеміз. Біздің жасымызда қоғамнының назары маңызды. Ардагерлер кеңесіне деген ризашылығымыз зор.

Салтанатты жиыннан кейін қала әкімі құрметті қонақтармен суретке түсті.

 

Данаш Хамзина.