Денсаулық сақтау

Петропавлда тренинг орталығы ашылады

Антон Шершнев, “ҚР Қызыл Ай қоғамы” ҚБ ұлттық жаттықтырушысы

– Егер біз төтенше жағдайларда адамдарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету тәсілдерін қолдана аламасақ, онда адамның тірі қалуы 6 есеге дейін төмендейді.

Тренинг орталықтарының елімізде көптеп ашылуы қоғамның жұмысын жетілдіруге сеп болмақ. Бүгін адамдарды құтқару ісіне машықтана беру үшін “ҚР Қызыл Ай қоғамы” ҚБ СҚОФ-на 10 қуыршақ пен құны 1 млн. тг тұратын компьютер тарту етілді.

Сәуле Оразова, “ҚР Қызыл Ай қоғамы” ҚБ СҚОФ төрайымы

– Біз осы істі бұрыннан бері қолға алуды ойлап жүргенбіз. Тұрғындар төтенше жағдайларда жәбірленушіге медициналық көмек көрсете білуі тиіс. Абдырап қалмай, 18 минуттың ішінде адамның өміріне араша түсіп, жедел жәрдемді шақырып үлгеру қажет.

Арнайы курстардан кейін тыңдаушылар тест тапсырады. Сүрінбей өткендер кәулікке ие болып, алғашқы медициналық жәрдем жасау тәсілдерін басқаларға үйрету құқығын алады.

Қайрат Садықов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс жөніндегі офицерінің орынбасары

– Екінші күн болды ұлттық жаттықтырушыдан алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін үйреніп жатырмын. Бұл әркі үшін күнделікті өмірде қажет дүние.

Тосын жағдайда адамның өміріне араша түсу игілікті іс. Сондықтан “ҚР Қызыл Ай қоғамы” ҚБ СҚОФ-лы алда коммерциялық және мемелекетік ұйымдармен келісім-шарт жасаспақ.

Берик Касен.