Әр түрлі

Наурыздың 20-сы 16:00-де Қазақстанның солтүстігінде күн тұтылады

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің физика кафедрасының доценті

– Биыл күннің тұтылуы көктемгі мерекеге тұспа-тұс келеді. Бұл астрономияда өте сирек кездесетін құбылыс. Наурыздың 20-сы күн мен түн теңеле бастайды. Осы кезде күн оңтүстік жарты шардан солтүсттікке ойысады. Сол сәттен астрономдық көктем басаталады.

Астрофизиктер тұрғындардың ғаламдық құбылысқа қызығушылығы жоғары болады деген сенімде.

Андрей Солодовник – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің физика кафедрасының доценті

 

– Наурыздың 20 сағат 16-00 де орын алатын астрономиялық құбылысты өңірдің кез-келген тұрғыны көре алады. Ол күні ауа-райының жақсы болғаны керек. Күннің тұтылу сәтін өз еркімен бақылаймын дегендер, осы күні аса сақ болғаны жөн. Күнге тура қарауға болмайды. Бұл жағдайда түтінге қақталған әйнекті не қолда бар DVD дискісін пайдалануға болады.

Наурыздың 20-сы күннің 40%-ын ай жауып, жерге көлеңке түседі. Бұл құбылысты адамдар лезде байқап, естелікке суретке түсіре алады. Бірақ осы тұста сақтық шараларын ұмытпаған ләзім. Ай күнді көлегейлеген кезде де сәуленің белсендігі өте жоғары болады. Дүрбі сияқты оптикалық аспаптарды мүлде қолдануға тыйым салынады. Себебі, ол күні тікелей күннің сәулесі көзге түсіп, жанарыңызды зақымдап алуыңыз ғажап емес.

Берик Касен.