Өнеркәсіп

«Сұлтан» АҚ тәуілігіне 192 мың тонна макарон шығарады

Елена Ткачева – «Сұлтан» АҚ диірмен макарон кешені директорының көмекшісі.

– Бүгінгі күні біздің кәсіпорын макарон және ұн шығарудан Қазақстанда алдыңғы қатарда келе жатыр. Теңдесі жоқ фабрикада күніне 192 мың тонна макарон өнімі дайындалады. Шикізаттың басым бөлігін өңірдің ірі шаруа қожалықтарынан сатып аламыз. Дайын болған тауар Ресей, Өзбекстан,Тәжікстан, Монғолия сынды бірнеше мемлекеттерге экспортталады. Болашақта Қытай нарығына да шығуды жоспарлап отырмыз.

19 жыл ішінде өндіріс жұмысын бір уақытқа да тоқтатқан емес. Техникамен технологияның қарыштап дамыған заманында мұнда соңғы үлгідегі желілер іске қосылған. Мәселен фабрикада орнатылған Швецариялық қондырғы қазір шаруаның барлығын өзі атқарады. Ал жұмысшылар болса, өнімнің сапасын қадағалайды.

Меруерт Бозбалаева – «Сұлтан» АҚ диірмен макарон кешенінің шебері.

 

– Маған жұмысым өте ұнайды. Ауысым шебері болып қызмет атқарамын. Жұмыс істеп жатқаныма 10 жыл уақыт болды. Мен макаронның қамтамалардың , пакеттердің сапасын қадағалаймын. Жалақымызды ай сайын уақытылы беріп тұрады. Осы макарон фабрикасында мен сияқты жұмысшыларға барлық жағдай жасалынған.

Ал мына зертханада мамандар шикізатпен дайын болған өнімдердің сапасын тексереді. Жалпы қазір аталмыш акционерлік қоғамда 350 жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.

Джакупов Самат .