МТРА жаңалықтары

“Шаров” ЖК-нің шұжық өнімдері жоғары сұраныста

Әрбір атауына сай рецебі бойынша дайындалып, буылып-түйіліп, термокамераларға түседі. Шетелдік жоғары технологиялы құрылғылардың біреуінен 2,5 сағат бойы піскен “Чесночная” деп аталатын шұжық шығарылуда. Суығаннан кейін камераға қайта 6 сағатқа сүрленуге қойылады.
Айта кету керек, өңірде жалғыз осы жерде шикідей сүрленген шұжықтар әзірленеді.

Светлана Кирилкина – “Шаров В.Н.” ЖК технологі.

-Бұл – өте күрделі іс. Оған қажет ет іріктеліп таңдап алынады әрі осындай шұжықтар дайындалатын арнайы камералар болу керек. Мұнда ол тек сүрленіп, кептіріледі. Сақтау мерзімі – 4 ай. Сол себепті, жолға шыққанда алуға ыңғайлы. Оның ылғалдылығы төмен және түтінмен қақталған.

Мұнда, сондай-ақ, қой, сиыр, шошқа мен тауық еттерінен әр түрлі деликатестер жасалады екен.

Светлана Кирилкина – “Шаров В.Н.” ЖК технологі.

-Пісіріліп-сүрленген тауық етін, тауықтың сан етін әзірлейміз. Сүрленген тауықтың қаттама ретінде салынған еті де бар. Ол вакуумды тыспен оралған. Бізде әр түрлі пішіндегі деликатес өнімдері көп.

“Шаров” кәсіпкерлігінің өнімдері жоғары сұраныста. Тауарлары біздің өңірден өзге Астана, Қарағанды, Павлодарда сатылады. Өткен жылы олар 300 млн теңгеге 500 тоннадан астам өнім әзірлеген екен. Алайда, көрші Ресейдегі жағдайға байланысты ағымдағы жылы өндіріс пен сату барысы сәл төмендепті. Өйткені, бәсеке жоғары. Бірақ, “Шаров” жеке кәсіпкерлігі сапаға басымдық беріп ұтуды көздеуде.

Надежда Шеремей – “Шаров В.Н.” ЖК басшысының орынбасары.

-Сапасын жоғары, бағасын қолжетімді қылып тырысудамыз. Біздің өзіміздің тұтынушыларымыздың қолдауына да сеніп отырмыз. Өйткені, шикідей сүрленген шұжықтарды тек біз ғана шығарамыз. Өнімдерге түрлі қоспалар мен консерванттар қосылмайды. Барлығы да мемлекеттік стандарт бойынша жасалады. Біз нарықты сапамен бағындыруды жоспарлаудамыз.

Кәсіпорында бүгінде 40 адам жұмыс істейді. Тәулігіне мұнда 1 тоннаға жуық өнім әзірленеді.

 

 

Данаш Хамзина.