Спорт

“Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасының финалдық кезеңіне іріктеу өтті

Михаил Дедов – жарыстың бас төрешісі.

-16 команданың ішінде 1/8, 1/4, жартылай финал және финалдық ойындар болады. Әр ойынға 5 конкурстан қарастырылған. Ал жалпы соңғы кезеңнің бағдарламасында 12 конкурс болады. Олар алдыңғы турларда мүлдем болмаған. Сол себепті де қатысушыларға қиындау болмақ. Жалпы ойын алаңында 4 төреші қызмет етеді.

26 наурызда басталатын облыстық ойындардың финалдық кезеңіне барлығы 192 оқушы қатысады. Олар 4 күн бойы “Жеңіс” балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде “Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасының жеңімпазын анықтайтын болады. Айта кету қажет бір күнде 4 бірдей құрама күш сынасады.

Қанат Сәдуақас – СҚО білім басқармасы спорт, дене шынықтыру және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры.

-Жалпы әр команда 12 спортшыдан жасақталған. Ойын шарты бойынша әр біреуінің сапында 6 қыз 6 ұл бала болуы қажет. Және де бұл жоба облыс әкімінің қолдауының арқасында жыл сайын ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Мен чемпионмын” балалар спорттық жобасының соңғы финалдық кезеңі наурыздың 26-сы мен 29 аралығында өтеді. Жарыстың қорытыдысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және де бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

Риат Шони.