МТРА жаңалықтары

Петропавлда ТМД елдерінің әскерилерінің конференциясы өтті

Ошақбай Сейтбеков, РҚ Ұлттық Ұланы әскери институтының әскери педагогика және психология кафедрасының бастығы.

-Ғылыми конференцияда біздің әскери институттың ұжымынан бөлек ТМД елдері Тәжікстан, Ресей, Украина, Беларусь елдерінің оқытушылар құрамымен мақалалары “Ұлы Жжеңістің 70 жылдығы тақырыбы бойынша талқыға түсуде.

Мәлімдемелердің тақырыбы әртүрлі болғанымен барлығы да Ұлы отан соғысына соқпай кетпеді. Мысалы, Мұхамедқали Сатов майдан сабақтарын – жеңістің қандай қиыншылықпен келгенін және соғыстың қазақстандық батырлары жайлы айтты.

Мұхамедқали Сатов, РҚ Ұлттық Ұланы Бас қолбасышысының орынбасары.

-Бұл жеңіске бабаларымыздың орны толмас ерлігінің арқасында жеттік. Төгілген қан және ауыртпашылық пен қиындықтың арқасында. Жауынгерлердің елге деген махаббаты жеңіске жетудегі ең басты құрал болды.

Ал бұл оқу орнының макетін – ҚР Президенті, Жоғары Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың атынан Ұлттық қорғаныс университеті сыйлық ретінде әкелді.

Сонымен қатар бұл жерде әскери қызметшінің керек-жарақтары мен отатқыш құралдар және әскери кітаптар қойылған көрме ұйымдастырылған. Ұлттық Ұлан әскери институтында мұндай халықаралық деңгейдегі көрмені жыл сайын өткізу дәстүрге айналған.

 


Ақбөпе Тәңірберген.