Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Жасөспірім. Заң. қауіпсіздік” акциясы жүріп жатыр

Мария Кузнецова, Петропавл қ, ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы.

 

-Наурыз айының 16-сы мен 18-і аралығында Петропавл қаласының аумағында “Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік” акциясы өткізіліп жатыр. Аталмыш акцияның мақсаты – түнгі 22.00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында жүретін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді анықтау.

Мына 16 жасар жеткіншек – қала колледждерінің бірінің студенті. Ол түнгі уақытта компьютер клубында ұсталған. Айтуынша, уақыттың қалай тез өткенін аңғармай қалыпты. Дегенмен, жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді. Біршама уақыт өткен соң баланы ата-анасы іздеп келген.

-Сен түнгі уақытта кештетіп жүруге болмайтынын білдің бе? – Иә, білемін. отырып қалыппын. Сен жалғыз жүрсің ба? – жоқ жанымда достарым және ағам болған.

“Жасөспірім. Заң. Қауіпсіздік” операциясы басталған бірінші түннің өзінде тәртіп сақшылары ересектердің қарауынсыз көшеде өз бетімен жүрген 18 жеткіншекті ұстаған. Бұдан өзге, дүкендерде балаларға темекі өнімдерінің сату фактілері тіркелген. Осы орайда, ата-аналар мен саудагерлерге 60-тан 80-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалған.

Ақбөпе Тәңірберген.