Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Қазақстанда жасалған» атты кәсіпкерлер форумы өтті

Әзірге жиынға қатысушылар тіркеліп, әріптестерімен тілдесіп жатыр. Ал енді біреулері фоейдегі көрмені тамашалауда. Мұнда өңірдегі жетекші кәсіпорындар жайлы ақпарат көрсетілген. Форумға қатысушы бизнес өкілдері осындай шаралар туындаған мәселелерді шешіп, тәжірбие алмасуға мүмкіндік береді дейді.

Азамат Беккужинов- “Жылдам тұрғызылатын ғимараттар мен құрылымдар зауыты” ЖШС директорының орынбасары.

-Бұл форум тауар өндірушілерге өте пайдалы болмақ. Өйткені осы жерде кәсіпкерлер өздерінде туындаған проблемалармен бөлісе алады. Қазір мемлекет тарапынан бизнесмендерге көп көмек көрсетіліп жатыр. Бірақ, кедергілер де бар. Соларды осы форумда қарастырамыз.

Лейла Сайдашева- ««ViZaVi Company» ЖШС» бас директоры.

-Біз тәулігіне 2 тонна өнім шығарамыз. Жалпы 8 тонна дайындауға қауқарымыз бар. Бірақ әлемдік дағдарысқа байланысты біз толық қуатта жұмыс жасай алмай отырмыз. Бұл мәселе қазір шешіліп жатыр. Қол қусырып отырмай, алға мақсаттар қойып соны орындауға тырысамыз.

Ақпанның 11 үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Н.Назарбаев отандық өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Онда Елбасы «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын бастауды ұсынды. Шара барысында сауда желілерінде отандық тауарлар жеке сөрелерге қойылды.

Тұтынушыларға жергілікті тауар өндірушілерді қолдап, өнімдерін сатып алу ұсынылды. Президент үндеуін бірден қолдаған «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенділері сауда орындарын аралап олармен келіссөздер жүргізген. Нәтижесінде ел бойынша 2 мыңнан астам сауда нысаны акцияны қолдаған. Ол 90 пайызды құрап отыр. Өңірде аталған көрсеткіш біршама жоғары, 97 пайыз шамасында. Бұл жайында пленарлық отырыста сөз сөйлеген «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Данат Жумин айтты. Кейін форум қонақтарын облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтап, сәттілік тіледі.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Бүгінгі таңда барлығымыздың алдымызда отандық тауар өндірісін дамыту міндеті тұр. Елбасы Н.Назарбаев үкімет үшін Қазақстандық үлесті дамыту ең бірінші мәселеге айналуы тиіс, біз оны 50 пайызға жеткізу керекпіз деген стратегиялық тапсырма берді.Бүгінгі таңда Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

Бұдан соң жиынға қатысушылар өңірдегі іргелі кәсіпорындар туралы шағын фильмді тамашалады. Ал кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайлы жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов құлағдар етті. Былтыр аймағымызда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау тапқан жобалар саны 2013 жылмен салыстырғанда 2 есе артыпты. Теріскей еліміздің астықты өлкесі болғандықтан, әсіресе аграрлық салаға берілген субсидия көлемі өскен.

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары 1364.

-Мемлекет көрсеткен қолдаудың арқасында облыста жаңа өндіріс тер ашылып, өнім түрлері шығарылуда. Мысалы, байытылған кварцтық құм, құрғақ пенобетонды қоспалар және үлкен диаметрлі пластик құбырлар өндіру ісі игерілді. Үкіметтен көмек алған «Молпродкут» ЖШС өткен жылы шығарған тауар көлемінің жартысын экспортқа жөнелткен. Ал макарон өнімдерін даярлайтын «Сұлтан элеваторлық макарон- диірмен кешені» АҚ-ның тауарлары «Қазақстанда жасалған» деген маркамен 4 шетелдік нарықта сұранысқа ие.

Пленарлық отырыстан кейін форумға қатысушылар сөзден іске көшіп, өзара келісімшарт жасасты. Олар ауыл шаруашылығы, тұтынушылар құқығын қорғау, құрылыс және тұрғын үй- коммуаналдық шаруашылығын дамыту саласында бірқатар меморандумдарға қол қойды.

Сәбит Шакенов- «Казтехмаш машина жасау зауыты» ЖШС бас директоры.

-Оның біздің компанияға, ауыл- аймаққа беретін пайдасы мол. Қазақстандық зауытттар өздері дайындаған техникаларын бізге жеткізеді. Біз комбаиндар шығарамыз.

Юрий Олейник- Құрғақ пенобетонды қоспалар зауыты директорының орынбасары.

-Біз аграрийлерге қажетті тыңайтқыш жасадық. Ол «Азот, фосфор және күкірт қоспасы бар тыңайтқыш » деп аталады. Сондықтан біз бүгін екі компаниямен келісімшарт жасастық. Біз 475 млн теңге сомасындағы 10400 тоннаның өнімін жеткіземіз.

Жалпы форум аясында 500 млн теңгенің 10 меморандумына қол қойылды.

 

 

Магжан Ахмадина.