МТРА жаңалықтары

Президент сайлауын қадағалайтын қоғамдық комиссия құрылды

Сергей Худяков – СҚО Азаматтар Альянсының төрағасы

– 5 наурызда Азаматтар Альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов 26 сәуірде өтетін сайлауды қадағалайтын қоғамдық комиссияның филиалдарын барлық өңірлерде құруды ұсынған болатын. Жалпы аталмыш топ 2005 жылы республика деңгейінде құрылып, тәжірибе жинаған. Енді бүгін бізде де сол комиссияның филиалы құрылмақ. Оның мақсаты – сайлау науқаны кезінде заңның сақталуын қадағалау болып табылады.

Жиын барысында қоғамдық бірлестіктердің өкілдері комиссия үйлестірушісінен жергілікті жерде құрылатын филиалдың міндеттерін сұрастырып, жұмыс тәртібін білді. Кездесуде комиссия мүшелігіне өткен азаматтардың есімдері оқылды. Қоғам қайраткері – Таңат Сүгірбаев маңызды ұйымға қабылданған жерлестеріміздің бірі.

Таңат Сүгірбаев – “Асыл мұра” тарихи-мәдени орталығының жетекшісі

– Бұл комиссия енді сайлау кезінде барлық заңдылықтың сақталуын, науқанның таза өтуін қадағалайды.

Комиссия өкілдері наурыздың 26-сынан қызу жұмысқа кіріспек.

– Құрылған бұл комиссияның алдағы жоспары ауқымды. Ендігі кезекте олар аудандарға шығып, түсіндіру шараларын жүргізбек. Сонымен қатар айта кеткен жөн, бұл комиссияның жұмысы тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

 

Риат Шони.