Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда стационарлық бұрғылау құрылғыларының өндірісін іске қосу жоспарланған

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Біз әріптестікке дайынбыз. Осыған орай, жергілікті Петропавл ауыр машина жасау зауытының бос тұрған ғимараттарын ұсынып отырмыз. Бұл кәсіпорынның техникалық базасы да, мамандардың біліктілігі де жоғары деңгейде. Тек ескертетініміз – серіктестікке қол жеткізетін болсақ, бұл жобаны уақыт созбай іске қосу қажет.

Халықаралық компанияның Қазақстан нарығында жүргеніне 8 жылдай болып қалған. Ал ПЗТМ зауытымен әріптестік соңғы 3 жыл көлемінде жалғасып келеді. Бұл уақытта бірлескен 2 жоба сәтті жүзеге асқан.

Ван Цинфэн – “KERUI Group” компаниясының Қазақстандағы филиалының бас директоры

– Біз әріптестерімізге жоғары технологияларды ұсына аламыз. Олар америкалық және еуропалық баламаларынан артық түспесе, кем емес. Екінші жағынан, біздің бағалық саясатымыз өте жеңіл. Бұл жағынан бізге бәсекелестер жоқ.

Жоба құны шашамен 150 млн. ақш долларын құрайды деп межеленіп отыр. Айту керек, мекемегі қызметке алынатын жергілікті жұмысшыларды да аспан асты елінде қайта оқыту көзделген.

Қуаныш Бишімов – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры.

– Қытай халық республикасымен келісім бойынша Қытайдан қаржат беріліп жатыр. 20 жылға кредит беріледі. Ставкалары төмен болады. Бірнеше зауыт құрылады. Біздің жоба да кіріп отыр. Үлкен бұрғылау қондырғыларын жасайтын боламыз. Тоннаждары 300-ден 650-ге дейін болады.

Алдағы әріптестіктің жай-жапсарлары айдың соңында еліміздің Премьер-министрінің Қытайға жасаған іссапары барысында талқыланып, арнайы келісімдер жасалады деп күтілуде.

Шохтыбаева Гульмира.