Қайырымдылық

Петропавлда Әлихан Таласпайдың еміне арналған қайырымдылық концерті өтті

Майра Ілиясова 10 жылдан бері “Жан анам” деп аталатын авторлық концерттік бағдарламасымен сәбилері ауруға шалдыққан аналарға көмек көрсетіп келе жатыр. Ол бүгінге дейін 9 балаға қол ұшын созыпты. Жақында Әлиханның әкесі де әншіге телефон шалып, баласының жағдайын түсіндірген.

Майра Ілиясова – ҚР еңбек сіңірген әртісі, әнші

– Ауру балаларынан шаршаған ата-ана қолды бір сілтеп, ауру балалдарды емдейтін жерге өткізіп жібереді. Ал енді бұл Әлиханның әке-шешесінің ерекшелігі – жатпай-тұрмай баланың жағдайын жасайды екен.

Қайырымдылық концертке келушілердің қарасы қарың, 800-ге жуық билет түгел дерлік сатылған. Көрермен қауым арнайы шығарылған жәшікке де шама шарқынша ақша салды. Сәбидің өміріне араша түсу үшін қайырымдылық концертке қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев та қатысты.

Нұрлан Өнербаев- ҚР еңбек сіңірген әртісі, қоғам қайраткері, әнші

– Осы жылдың басында маған баланың әкесі Самат хабарласты. Маған көмектесіңізші балам ауыратын еді. Операциясы қымбат тұрады, баламның миында ісік бар деді. Аға егер мен концерт ұйымдастырсам келесіз ба, уәде бересіз ба деді. Жарайды келемін, көмектесемін дедім.

Небәрі 5 жаста болса да Әлихан, Қазақстан Конституциясы көшесінде ілулі тұрған еліміздің көк туына қарап сағаттап тұрып қалатын кездері болады. Әттең, ішіндегі ойын жеткізе алмайды дейді ата-анасы. Жақында ғана тіл дамыту курсына жазылған бүлдіршіннің алғашқы құраған буыны әкесі үшін баға жетпес қуаныш болыпты.

Самат Жаппаров – Әлиханның әкесі

– Қуанышымыздың шегі болған жоқ. Міне бізде де нақты азаматтар бар бізге көмектесетін, біздің сәбиімізге көмектесетін. 02:45 Қазір бірінші сөзі, “па” деген буыны бар, ол біз үшін қуанышты маңызды сәт. Енді қазір Әлихан “ма” деген буынды да айтып жүр.

Әлиханның әке-шешесінің үміті тек Германиялық ақ халаттыларда. Ағымдағы жылдың жаз мезгілінде жасалатын ота үшін бүлдіршінге 72 мың еуро керек.

 

 

Акбопе Танирберген.