Денсаулық сақтау

Елімізде қызылша індетіне 220 қазақстандық жасөспірім шалдыққан

Юрий Пузиков – СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Бұл індетпен 2012 жылы Украинада 12 747, Грузияда – шамамен 8 мың адам науқастанса, 2010 жылы Болгарияда 21 мың, ал көршілес Ресейде 3 247 азамат дәрігерге жүгінген. Ал біздің елде әзірге жағдай тұрақты. Аса қауіп жоқ.

Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, көңіл көншітпейді. Мәселен, 2013 жылы қызылшадан дүние жүзінде 145 мың 700 адам көз жұмған. Елімізде бұл кеселдің алдын алу үшін қосымша екпе шаралары жүргізіле басталды. Біздің өңірде вакцинаны 15 пен 19 жас аралығындағы 22 мың жасөспірім алуы тиіс еді. Алайда, екпе кейбір жеткіншектерге кері әсер етіп, науқан мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Екпенің адамға еш қаупі жоқ. Препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сапа сертификатына ие, арнайы тексерістен өтті. Бұл вакцинамен – әлемнің 45 елінде шамамен 42 миллионан аса тұрғыны егілді. Негізінен екпе кезінде, көбіне жасөпірімдер өздерін жайсыз сезініп, көп қобалжиды.

Жалпы жыл басынан қатерлі дерттен Қырғызстанда 2 нәресте көз жұмған. “Сақтықта қорлық жоқ” демекші, сондықтан аурудан сақтану үшін, вакцинадан өткен абзал. Бұл шара теріскейде мамырдың 4-нен бастап жанданбақ.

 

Бакыт Садуакасов.