МТРА жаңалықтары

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Зейнолла Макенов – Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.

– Жамбыл ауданында 30-дан астам ұлттың өкілдері тұрып жатыр. 10 діни бірлестік бар. Оның 4-уі мұсылман, 3-і првослав тағы осыншасы протестант. Әкімшілік олардың жұмысын үнемі қадағалап отырады. Ішкі саясат бөлімі бар. Имамдармен әркез кездесулер өткіземіз.

Кейінгі толқын жастарды жат ағымдардан сақтандырудың негізгі жолы – дәстүрлі дінді насихаттау. Екі аудан әкімінің орынбасарларының баяндамасын тыңдаған Анархан Дүйсенова аймақтарда бұл бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтуді тапсырды.

Анархан Дүйсенова – облыс әкімінің орынбасары.

– Ішкі саясат басқармасы екі ауданға шығып, 5-ші сәуірге дейін арнайы жұмыстар жүргізсін. Топ мүшелерімен кездесіңіздер. Олардың қаншалықты сапалы шаруа атқарып жатқандарын қараңыздар. Егер бұл істі өзіміз атқармасақ, бізге сырттан басқа біреу келіп қол ұшын созбайды. Сондықтан жастарға, ауыл азаматтарына көңіл бөлуіміз керек.

Кейінгі ұрпақ жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мәселесі де қазір өткір тұр. Яғни оларды спортқа тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру – бүгінгі күннің басты талабы. Ол үшін өңірде бар жағдай жасалынған.

Руслан Есеналин – Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

 

– 2014 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 151 700 адам спортпен шұғылданды. Бұл жалпы халықтың 26 пайыздан астамын құрып отыр. Былтыр өңірде 1300-ден астам түрлі спорттық іс-шаралар өткізілді. Ал қазіргі таңда 12 000-нан астам жасөспірім 45 спорт түрі бойынша жергілікті спорт мектептептерінде жаттығуда. Бір қуантарлығы жалпы уақыт өткен сайын бұқаралық спортқа тартылып жатқан азаматтарымыздың қатары артуда.  

Жиын соңында ауыл аймақтардағы мәдени мекемелердің атқарып жатқан жұмыстары да сараланды.

Джакупов Самат.