Балалар

Жастардың жеке азаматтық позициясын қалыптастыру

Дамир Тілеубаев, жеке тұлғалық даму жөніндегі кәсіби жаттықтырушы

– Әрбір жас бойында көшбасшылық қасеитті дамыта алуы тиіс. Ол өзгенің бойына оптимизм, өмірсүйгіштік қасиеттерін ұялата білуі қажет. Сондай-ақ, жалған сөйлеп, адамдарды адастырудан аулақ болғаны абзал. Біз осы шарада оларға осыны үйреткіміз келеді.

Жастар елдің болашағы. Сондықтан мемлекет алдындағы маңызды жоспарларды кейінгі толқынның пікірімен санаса отырып құрған жөн.
Шара барысында әр топтың жетекшісі аз ғана уақыттың ішінде түрлі саланы дамытуға қатысты баяндамаларын әзірлеп, оны әділқазыларға оқып берді. Осы тұста олардың сөз саптауы мен халық алдындағы сөйлеу мәдениеті бағаланды.

Азамат Шәймерденов, “Нұр Отан” партиясы “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы

– Бұл пікір-сайыс жастардың шешендік қабілетін дамытып, сұраққа нақты жауап беруіне септігі мол. Осындай шара арқылы жастар халық алдында дұрыс сөйлеп, ойларын еркін жеткізуге машықтана алады.

Жиын соңында жастар мемлекетт дамуы үшін барлық сала тең дамуы тиіс деген тоқтамға келді.

Берик Касен.