Мәдениет

“Таланты мира” қайырымдылық қорының әртістері концерт қойды

Антон Новичков – концерт жүргізушісі

– Бүгінгі жоба кеңес кинематографиясының 120 жылдығына арналып отыр. Бұл кештің бір ерекшелігі, шырқалатын әндердің дені – эстардалық әндерден тұратынында.

“Гляжу в озера синие”, “Есть только миг “, “Кавалергарды, век недолог” – осы және өзге де кеңестік кинохиттер тыңдармандар көңілін көтеріп тастады. Өйткені, әртістердің қай-қайсысын алсаңыз да шетелдік сахнада әбден шыңдалған өнер иелері. Сергей Побединский АҚШ-да 23 жыл тұрып келеді. Өнерлі жігіт Америка мен өзге де елдерде жиі гастролдік сапарға шығып тұратын көрінеді. Өнер иесі қайырымдылық жобадан шет қалмай, теріскей сахнасында ән шырқамақ.

Сергей Побединский – халықаралық байқау лауреаты, АҚШ

– Концерттің ауқымы кең. Кеште сіздердің эстрадно-симфониялық оркестрінің сүймелдеуімен туындыларды орындаудамыз. Біздің гастрольдік сапарымызға дайындық аз болған сыңайлы, сол себептен сәл қобалжу бар.

Сондай-ақ кеште өзге де танымал әншілер өнер көрсетті. Солардың бірі Эллизабет Эннарис. Зор дауыс иесі көп жылдар бойы Оңтүстік Америкада қызмет атқарған. Сондай-ақ, “Голос” жобасының финалисті Денис Федоренконы көреремен қауым ыстық қабыл алды.

Жалпы жергілікті тыңдармандар кештен ерекше әсер алып шыққандығын айтуда.

– Концертті тамашалағанымызға қуаныштымыз. Мұндай керемет оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған туындылар құлаққа жағымды естіледі.


– Бүгін үлкен мереке. Кеңес дәуіріндегі әндерді тыңдап, бір марқайып қалдық.

Кеңес кинематографиясының 120 жылдығына арналған гастрольдік сапар Қазақстан қалаларының турнесі аясында өтуде. Енді әртістер Қостанайға жол тартпақ. Келесі жолы өнер иелері Муслим Магомаевтың шығармашылығына арнап “Три баритона” атты жаңа бағдарламамен келмек.

 

 

Бакыт Садуакасов.