Спорт

ҚР Ұлттық Ұланының қысқы Президенттік көпсайыстан біріншілігі өтуде

Әр әскериге 10 минут уақыт беріледі. Тиянақты дайындықтан соң 5 межені бағындырып, оқты дәл тигізу қажет. Талғат Омаров аталмыш жарыстарға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының намысын қорғап келген.

Талғат Омаров- 5517 әскери бөлімінің сержанты, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы

– «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жарыстарына қатысамын. Шаңғы және пневматикалық қарудан атудан бірінші болдым. 45 ұпай жинадым.

Жалпы жарысқа 40 адам қатысуда. Олардың қатарында офицерлер, курсанттар және келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскерилер бар.

Ерлан Баймбетов- «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы

–  Бұл сайыстарға «Оңтүстік», «Шығыс», «Орталық», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен әскери институт қатысып жатыр. Мұнда өздерінде өткен сайыстарда жеңіске жеткендер бақ сынауда.

Алда сайыс қатысушыларын белтемірде тартылу және шаңғымен 10 шақырымды бағындыру сынды спорт түрлері күтуде. Ал жарыс жеңімпаздары грамота, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Магжан Ахмадина.