Қоғам

ҚР Ұлттық Ұлан әскери институты оркестрының есеп беру концерті өтті

Марат Батыров – ҚР Ұлттық Ұланы әскери институты бастығының оқу және ғылыми жұмыстары жөнiндегi орынбасары.

–  Бүгін әскери институтымыздың 1 жылдық есеп беру концерті өтіп жатыр. Әрине оны жеңісіміздің 70 жылдығына арнаймыз. Бүгін шара аяқталғасын ардагерлерге жайған дастарханымыздан дәм ауыз тигізіп, сыйлықтарымызды тарту етеміз.

Зкт: Шараның басты қонақтары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Әр түрлі аспаптарды меңгерген курсанттардан құралған оркестр, жеке барабаншылардың оркестрі, бишілер мен әншілердің өнеріне тәнті болған қариялар, бір серпіліп, демалып қалдық дейді.

Сұлтан Мұхамеджанов- Ұлы Отан соғысының ардагері

– Концерт өте тамаша өтуде. Біз қариялар мұндай шаралардан рахаттанып дем аламыз. Бізді осында шақырып, алып келген балаларға рахмет айтамын. Жасым 93-те, өз бетіммен келе алмаймын.

Бұндай концерт жыл сайын тек институттың көлемінде берілетін. Осы жолғысы – әскерилердің қала көлемінде қойған алғашқы шығармашылық кеші.

 

 

Акбопе Танирберген.