Өнеркәсіп

Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС 2009 жылдан тоқтаусыз жұмыс істеп тұр

Орынбасар Алпысбаева, “Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС дәрігер-ветеринары

– Құстарға дәрумендер береміз. Екпе жасаймыз. Жем-азықтың мөлшерін қадағалаймыз.

Кәсіпорын “Агробизнес – 2020” бағдарламасы аясында мемлекеттен ай сайын 2,5 млн. теңгенің субсидиясын алып келеді. Қаржылай қолдау мекемеге 2017 жылға дейін көрсетілмек.

Жамиля Омарова, “Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС бас есепшесі

– Ақпан айында 145 тонна құс етін саудаға шығардық. Жыл аяғына дейін оның мөлшерін 1500 тоннаға дейін жеткіземіз. Қазір кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. Бүгінде бізде шығарылған өнімнің 70 пайызы өңір аудандары мен облыс орталығына жеткізіледі. Қалғаны өзге аймақтарға жөнелтіледі. Мемлекет қолдауын сезініп отырмыз. Өндірілген әр келі етке 50 теңге дотация аламыз. Бұл біз үшін айтарлықтай көмек .

Қазіргі кезде кәсіпорында 150 мың балапан өсірілуде. Мына 1 айлық тауықтар енді 10 күннен кейін сою қосынына жөнелтіледі.

Петропавл бройлер фабрикасының сою қосынында 30 адам еңбек етеді. Олар құс етінен 11 аталымдағы табиға таза өнім түрін әзірлейді.

Азамат Абуов, “Петропавл бройлер фабрикасы” ЖШС сою қосынының жұмысшысы

– Қанат, мойын, жамбас сынды 11 аталымдағы өнім түрі шығарылады. Кәсіпорын жағдайымызды жасап отыр. Тегін түскі ас беріледі. Жалақымызды уақытылы алып тұрамыз.

Петропавл бройлер фабрикасының дайын өнімі дүкендерде “Айна” сауда белгісімен сатылып жүр. Көтерме бағамен өнімнің келісі 395 теңгеден өткізілуде. Бөлшектеп сатқанда тауардың құны 600 теңгені маңайлайды. Құс етінің 70 пайызы өңірдегі сауда нүктелерінде сатылады. Қалғаны Қарағанды, Алматы, Көкшетау, Астана қалаларына жол тартады.

Берик Касен.