Мәдениет

Облыстық “Есіл өңірі жұлдыздары” байқауының жеңімпазы анықталды

Раушан Исмаилова – СҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы

– Бұл байқау “Асар” республикалық қайырымдылық акциясы аясында өтіп жатыр. Оған барлық аудандардан жас әншілер қатысуда.

Жүздеген күміс көмей әншілердің қатарында өз бағын сынауға 10 жасар Адина Кабиева да келіпті. Петропавлдық өнер иесі байқауға “Сыбызғы саз сырнай” әнін дайындаған.

Кереметтей туындыны жоғары деңгейде орындаған жас әнші бұл өнермен 4 жылдан артық айналысып жүргенін айтады. Бірақ, “Есіл өңірі жұлдыздары” байқауына алғаш рет қатысуда.

Адина Кабиева – байқауға қатысушы

– Мен орындаған туынды бір адамның өзінің аспабы сыбызғымен әңгімелесуі жайында.

Байқау қорытындысы бойынша “әуесқойлар” арасында бірінші орынды №20 орта мектептің оқушысы Дарина Молдыбаева, Есіл ауданынан Екатерина Криворучко мен Батыр Баян атындағы Булаев мектеп-гимназиясының тәлімгері Александра Борщова жеңіп алды. Кәсіби әншілер арасында “Жас дарын” өнер мектебінің оқушысы Ирина Лапина, Тимирязевтік Ольга Орлова мен №8 эстетикалық тәрбиедегі мектеп кешенінің тәлімгері Карина Кадимова еншіледі. Ал гран-приді М.Жұмабаев ауданының өнерпазы Евгения Абдалова қанжығасына байлады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Риат Шони.