Спорт

Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында шаңғы жарысынан өткен ел чемпионатында теріскейлік спортшылар алтыннан алқа тағынды

Вячеслав Латышев – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры

– Спартакиада жоғары деңгейде өтті. Сайысқа келген әр спортшының додаға қатысуы үшін барлық жағдай жасалды. Оған қоса спортшылардың жарыс жолы халықаралық стандарттарға сай әзірленді.

Аталмыш дүбірлі сайыста өңір намысын қорғаған жерлесіміздің бірі – Сергей Усольцев. Спортшы 1,5 және 3 км қашықтықта қарсыластарын артта қалдырып, мәреге бірінші болып жеткен. Осылайша өзінің кезекті рекордын жаңартыпты.

Сергей Усольцев – мүгедек-спортшы

– Бұл чемпионатқа қыс бойы жаттығып дайындалдық. Осы турнирге бізді дайындаған бапкерлеріме алғысымды білдіремін. Жарыс жолы оңай болды деп айта алмаймын. Бірақ маған лайықты қарсылас табылмады. Дегенмен, 8 бірдей шаңғышымыз алтыннан алқа тағынды.

Басқосуда әр спортшы жеке жетістіктері жайында әңгімеледі. Олардың жеңістерін бапкерлері де мақтан тұтады. Еліміздің әр аймағынан жиылған 50 спортшының арасында жерлестеріміз лайықты өнер көрсетті, – дейді жаттықтырушы Мария Дробязко.

Мария Дробязко – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының жаттықтырушысы

– Біздің шаңғшыларымызға тең келер қарсылас табылмады. Тек Ақмола облысынан келген қатысушылар біраз бәсекелестік көрсетті.

Теріскейлік мүгедек-спортшылар осы жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Енді олар үстіміздегі жылдың наурыз айының аяғында футболдан өтетін республикалық жарысқа әзірленуде.

 

Бакыт Садуакасов.