Өнеркәсіп

«Мұнаймаш» АҚ мерзімінен бұрын Президент сайлауында Елбасының кандидатуырасын қолдамақ

Сергей Ерофеев- «Мұнаймаш» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

– 2 жыл қатарынан біз жаңғырту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Қондырғыларымыз жақсы, әрі сапалы өнім жасауға септеседі. Әрине бұл ретте мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілді. Алда бірнеше экономкалық жоспарларды жүзеге асыру мақсаты тұр. Ол мұнай өндіруші кәсіпорындарға зор көмек болады деген ойдамын.

Мұнай саласына қажетті қондырғыларды жасап шығаратын зауыт өз жетістіктерін ел егемендігімен байланыстырады. Сондықтан зауыттықтар сәуірдің 26-сы болатын ел үшін маңызды саяси науқанға бір адамдай ат салысамыз деп отыр.

Нина Овсянкина- «Мұнаймаш» АҚ кәсіподақ төрайымы

– Әлемде болып жатқан дағдарысқа қарамастан, еліміз алға жылжып, өз дамуын тоқтатқан емес. «Нұрлы жол» Қазақстанды болашаққа бастар бағыт іспетті. Сондықтан ел үшін маңызды науқан, кезектен тыс Президентін сайлауына әр адам мемлекеттің келешегі үшін таңдау жасауы қажет.

Кезектен тыс Президент сайлауында Елбасының кандидатурасын қолдау қиын- қыстау кезеңде ел экономикасын дамытып, мемлекеттің алға басуына өз үлесін қосады. Зауыттықтардың пікірі осындай.

 

 

Магжан Ахмадина.