Без категории

Григорий Красильников Курск түбіндегі шайқасқа қатысқан

Майдангер 43-ші жылы Курск үшін болған және Белгород түбіндегі шайқасқа қатысыпты. Сонда жараланып қалады. Ұзақ жатуға мұрша бермеді. Тезірек тұрып, елді қорғау қажет еді дейді.

Григорий Красильников, Ұлы Отан соғысының ардагері

– Мен жылдам тәуір болдым. Әскери бөлімнен бір офицер келді. Қарасам, жағасында ұшақтың суреті бар екен.

Міне, осылай 21-ші гвардиялық Кривоград полкіне түскенін Григорий Иванович мақтанышпен айтып берді. Қызметі жауапты. Қару-жарақтың дұрыстығын қадағалап отырыпты. Соғыстың соңына қарай оларға жау жағынан барлаушылардың келуі жиілеген көрінеді. Соның біреуі оның есінде ерекше сақталған екен.

Григорий Красильников, Ұлы Отан соғысының ардагері

– Техник зовет меня «Гришка, Гришка!» -Выходим, там в кустах этот. Ну, уже светать стало. Рассвет в летнее время. Мы его окружили. -Хэнде хох! Он руки поднимает, начинаем говорить, по-русски говорит. -Ты чего тут? – Кухня надо, кухня, есть хотим!

Әрине, шақырылмаған мұндай қонаққа тамақ бермей, тура штабқа жеткізіледі.
Сол жылы ардагер бомбалау кезінде қатты жарақат алады. Польшалық госпитальде жатып жеңіске жеткендерін естиді.

Григорий Красильников, Ұлы Отан соғысының ардагері

– Слышу, понимаешь, стрельба, крик, шум, ПОБЕДА! ПОБЕДА! Тех, кто подлечился, на фронт готовили, а тут война закончилась, куда отправлять?

Содан Григорий Красильников аурухана төсегінде 5 ай жатып емделген. 45-ші жылдың қазан айында әскери қызметтен босатылып, қарашада үйіне, Татарстанға оралады. Келген соң мұғалімдік жұмысын өзгертуді жөн көріп, милицияға ауысады. Оқуын тәмамдағаннан кейін СҚО-нда еңбек етуге жіберіліпті.
Өмір бойы өңірдің дамуы үшін тер төккен қария бүгінде сыйлы.
Құрметті еңбек демалысына колония бастығының орынбасары лауазымында шыққан. Бірақ, сонда да еңбек етуге жалықпапты.

Ардагер зайыбы өмірден өткеннен кейін жалғыз өзі тұрады. Еш нәрсеге шағымы жоқ, барға тәубе дейді. Қария 4 баласынан 7 немере мен 2 шөбере сүйіп отыр.
Бос уақытында қарт майдангер кітап оқиды. Көбінесе, классикалық әдебиет ұнайды екен. Кітап жүректе қалған естеліктерден сергітеді дейді.

Данаш Хамзина.