Бизнес және экономика

Алаяқтан абайла

Асқар Махмет – СҚО кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы.

– Көптеген кәсіпкерлер тексеріс келгенде не істерін білмей жатады. Бұл ретте бизнесмендер ғаламтордан «Бизнес тірегі» жобасы аясында бұл тексеріс қаншалықты шындыққа жанасатынын біле алады. Ал ауылды жердегілер болса, 10/12 нөміріне смс хабарлама жазса болғаны. Жалпы былтырғы жылы жалған құжат жасап алып, өзін тексеруші органнан деп таныстырып, кәсіпкерден ақша жымқырған азамат анықталды. Сондықтан болашақта бизнесмендерді сақ болуға шақырамыз.

Нұрсұлу Керетаеваның бизнес саласында еңбек етіп жүргеніне бірнеше жыл болған. Жеке кәсіпкер 2002 жылдан бастап облыс орталығында жиһаз сатумен айналысады. Азаматша қазір шағын және орта бизнес өкілдеріне қай жағынан болмасын жағдай жасалып отырғанын айтады. Бүгінгі түсіндіру шаралары соның бірден-бір айғағы екені сөзсіз.

Нұрсұлу Керетаева – жеке кәсіпкер.

– Қазір кәсіпкерлерді бұрынғыдай тексере бермейді. Қуанышты жағдай әрине. Менің ойымша мұндай акция әрдайым өтіп тұруы қажет. Сонда ғана мен секілді азаматтар өз құқықтарын толыққанды білетін болады.

Жалпы мұндай акция өңірде алғаш рет ұйымдастырып отыр. Шара болашақта облысымыздың барлық аудандарда да жалғасатын таппақ.

Джакупов Самат.