Құқық қорғау органдары

Солтүстік Қазақстанда “Босқын” ЖАА шарасы 3 күнге жалғасады

Тәртіп сақшылары “Босқын” жедел алдын алу шарасы аясында 42 жастағы Өзбекстанның азаматын ұстады. Шетелдік заңға бағынбай көші-қон заңнамасын осымен екінші рет бұзған көрінеді. Сондықтан ол 15 тәулікке қамауға алынды.

Гүлнар Қуандықова, Петропавл қалалық ІІБ көші-қон полициясының бөлім бастығы

– Босқын” жедел алдын алу шарасы наурыздың 10-ынан 13-іне дейін жалғасады. Біз ел аумағына келген соң тіркеуден өтпей заңсыз еңбек етіп жүрген мигранттарды анықтап жатырмыз. Қазір “Алтын Адал”, “Еуразия”, “Оңтүстік”, “Алатау” сауда базарларын тексеріп жатырмыз. Өңірімізде заңсыз еңбек етіп жүргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сауда нүктелерінен басқа полиция өкілдері мигранттарды анықтау үшін транзиттік көліктерді, шетелдіктер көптеп тұратын орындарды және өзге де нысандарды тексеріп жатыр. Осылайша,тәртіп сақшылары 2 күнде көші-қон заңнамасын бұзған 45 өзге елдің азаматын ұстады.

– Я работал в городе Тюмень, а теперь все – возвращаюсь домой на родину, в Узбекистан. На стройке мы работали .

Заңсыз келімсектерді анықтау жұмыстары күн сайын өтеді.

Берик Касен.