Білім

“Жас ғалым” халықаралық ғылыми байқаудың жүлдегерлері

Жанар Әбдірахман – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі

– Менің математика пәнінен жобамда теңсіздік тақырыбы болды. Маған есеп беріп, оны шешуін өтінді. Тапсырмалар қиын болды, кей кезде шатасып та қалдым. Бірақ, барлық берілген тапсырмаларды орындадым. Әділ қазылар таң қалды. Мүмкін осыдан жеңіске жеткен шығармын.

Жанардың басты мақсаты, оқуында үлкен жетістікке жету. Ол мектепті тәмамдағаннан кейін, Ұлыбритания елінің жоғары оқу орнында, қаржыгер мамандығы бойынша білім алуды жоспарлайды. “Жас ғалым” халықаралық ғылыми байқаудың күміс жүлдегері Әйгерім Тілеуқұл да үлкен мақсаттар қойып отыр. Ол Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетіне түссем, заман талабына ылайықты, нарықта сұранысқа ие мамандықты меңгерсем деп отыр.

Әйгерім Тілеуқул – облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің тәрбиеленушісі

– Екінші орынға қол жеткізгеніме қуаныштымын. Сайыс өте қызық өтті. Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балалар көп келді. Бірақ, олардың арасынан біз озып шықтық.

11-сынып оқушысы Сағын Ахатов та шетелден жүлдемен оралды. Ол Кореяда өткен білім бәйгесіне қатысып, физика пәнінен үшінші орынды еншіледі. Бұл халықаралық ғылыми байқау наурыз айының 3 мен 4 аралығында өткен еді. Жалпы, додаға Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның 10-11 сыныптарда тәлім алып жүрген 200-ден астам оқушылары қатысқан .

 

 

 

Сагыныш Маркашева.