МТРА жаңалықтары

Петропавлда эпилепсия ауруына шалдыққан Әлихан Таласпайға арналған қайырымдылық концерті өтеді

5 жасар Әлихан Таласпай эпилепсия ауруына шалдыққан, сондықтан да шұғыл түрде ота жасауды қажет етедi. Операцияны Германиядағы емханада жасау керек. Алайда баласын шетелде емдетуге ата-ананың қаражаты жоқ. Сондықтан да көмек қолын созатын азаматтар жәрдем берсе екен дейдi, – Әлиханның анасы.

Дина Жапарова – Әлиханның анасы

– Баламның ауырғанын көргенде жүрегім езіліп, көзіме жас келеді. Әлиханды көрсетпеген дәрігер қалмады. Еш нәтиже жоқ. Тек германиялық ақ халаттылар ғана бір үміттің барын айтты.

Ата-анасы бүлдіршіннің қатерлі дертке шалдыққандығы жөнінде 4 айлығында біліпті. Ал 3 жастан асқасын бала сөйлеуден қалыпты. Өткен жылы Әлихан Германия елінің озық емханасында 2 апта бойы ем алып келген еді. Қазірде дәрілерді күн сайын қабылдауда. Шет елде ем алуға қажетті қаражатты жинауға қайырымды жандар көмектескен. Германиялық дәрігерлер Әлиханға тезірек ота жасауға кеңес беріпті. Бүлдіршіннің ата-анасы бұл жолы да өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын жандардан үміт күтеді. Өздері де Әлиханның денсаулығын жақсарту үшін барларын салуда.

Самат Жапаров – Әлиханның әкесі

– Баламызды ешқашан тастап кетпейміз. Оының тез сауығып кетуі үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз.

Естеріңізге сала кетейік, ота жасауға қаржы жинау мақсатында наурыздың 16-шы жұлдызы сағат 19-00-де “Метро” мәдени-сауықтыру орталығында Әлихан Таласпайға арналған “Өмірге деген құштарлық” деген атпен қайырымдылық концерті өтеді. Сауабы мол қайырымдылық шарадан шет қалмайық!

 

 

Бакыт Садуакасов.