МТРА жаңалықтары

Петропавлда Елбасын қолдауға арналған облыстық қоғамдық штаб құрылды

Бақытжан Сәмиева -Іскер әелдер қауымдастығының төрайымы.

– Әйел азаматы бола тұра менде осы штабтың құрамына кірем. Елбасымыз өзінің халқын сыйлайтын азамат. Мұндай Елбасы ешбір елде жоқ. Біз енді бақытты халықпыз деп ойлаймыз. Байлықта бар, нанымызда бар. Сондықтан әрқашан Елбасымызды қолдау керек.

Айта кету керек штаб өз жұмыстарына наурыз айының 26-нан бастап кірісетін болады.

Әсемгүл Есқожа – «Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы» ҚБ директоры.

 

– Жас мемлекетпіз. 20 жылдан астам уақытта өте үлкен жетістіктерге жетті. Әрине ол Елбасымыздың арқасында. Осындай қиын кезде Елбасымызбен бірге болсақ, одан сүрінбей өтеміз деген ойдамын. Сонлдықтан біз ол кісімен біргеміз, әрі қолдаймыз.

Негізі мұндай штаб барлық аудандар да құрылмақ. Еске сала кетейік, Қазақстандағы мерзімінен бұрын Президент сайлауы сәуір айының 26-шы жұлдызында өтеді.

– Құрылған облыстық қоғамдық штабтың басты мақсаты- сайлау алдында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау болып табылады. Қазір штабтың құрамында 29 азамат бар. Енді олар алдағы уақытта барлық аудандарда болып, Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасын халыққа кеңінен насихаттау жұмыстарымен айналыспақ.

Джакупов Самат.