Білім

Өңірімізде дуалды оқыту жүйесі қарқынды түрде жұмыс істеуде

Александр Мерк – Гумманитарлық-техникалық колледжің директоры

– Қазір технологияның қарыштап дамыған заманы. Сол себепті де бұл кабинеттің мақсаты жастарды заманға сай техникалармен жіті таныстырып, онымен жұмыс істеуді үйрету. Яғни теорияда алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту.

Кабинетте өткен алғашқы сабақта болғандардың қатарында Жансерік Қадыровта бар. Жас жеткіншек гуманитарлық техникалық колледжде радиоэлектроника және байланыс мамандығы бойынша 3 курста оқиды. Оның айтуы бойынша барлық тәлімгерлер тек теориямен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар тәжірибе жүзінде де білімдерін жетілдіруі керек.

Жансерік Қадыров – Гумманитарлық-техникалық колледжің студенті

– Мұнда алғаш рет келгенде мамандар оқығанның барлығын тәжірибе жүзінде көрсетті. Барлық қондырғылармен таныстырды. Жалпы осындай дуалды оқыту жүйесі студенттер үшін өте тиімді, әрі пайдалы. Болашақта осы жерде жұмыс істеймін деген ойдамын.

“Қазтелерадионың” филиалында студенттерге тәжірибелік білім мен қатар жұмыс беруге дайын. Себебі алға құрған жоспарлар ауқымды. Жуырда сандық көрсетілім Петропавлда ғана емес бүкіл СҚО-да болады. Бұндай жұмыстарды жүзеге асыруда мықты мамандар қажет.

Олег Гордиенко “Қазтелерадио” АҚ СҚО радиохабар тарату дирекциясы филиалының бас инженері

 

– Өздеріңіз білетіндей біздің жоспарда “Инновациялық Қазақстан 2020” бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты тұр. Облыс аумағы бойынша телекөрсетілімдер біртіндеп сандық жүйеге көшуде. 2015 пен 2016 жылдар аралығында 41 цифрлы радиотелетаратушы станциялар құрылады. Осы ауқымды жұмыстарды жүзеге асыру үшін бізге білікті мамандар қажет.

Сонымен студенттер радиотелевизиялық станцияда тұрған барлық қондырғылармен жіті таныса алады. Мұнда әр арнаға арналған таратқыштар бар. Ал бақылау бөлімінде 3 маман бейненің сапасын қадағалайды. Егер, ауа райы құбылмалы болып, жауын, тұман не болмаса қар жауғанда олар спутниктан қабылданатын арналарды таратудың қуатын арттырады. Ал жергілікті арналар үшін бұл жағдайлар еш кедергі келтірмейді. Оның өзіндік ерекшеліктері бар. Осының барлығын мамандар студенттермен сабақ барысында түсіндірмек.

Риат Шони.