Ауыл шаруашылығы

Мемлекет қолдауының арқасында ісін дамытқандар

Талғат Жәнібеков- «Айлана» ЖК директоры

– Өткен жылы екі мемлекеттік бағдарламаға қатыстық. «Сыбаға» жобасы бойынша 60 сиыр, керекті техника сатып алдық. Сосын тауарлы-сүтті ферма жасап, тағы 70 бас симментал тұқамды мал алынды. Төрт түлік тұратын ангарларды өз қаржымызға тұрғыздық. Қалғаны мемлекеттің көмегімен жасалып жатыр. Су жаңа трактор мен сүтті салқындатуға қажетті қондырғыға «Қазагромаркетинг» АҚ арқылы қол жеткіздік. Яғни олар оның 50 пайызын субсидиялады. Сиырларды саууға қажетті құралмен де қамтылдық. Жалпы өз ісін бастайымын дегендерге мемлекет үлкен қолдау көрсетіп отыр. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік бар.

Күніне бір сиыр 20 литрге жуық сүт береді. Олардың жартысы жақын маңдағы сүт өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға жөнелтілсе, қалғаны бұзауларын тамақтандыруға қалады. Қазір мұндағы ірі қара өз төлдерін беріп жатыр. Серіктестік 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың 3-уі осы Трудовая нива ауылының тұрғыны.

Ильхом Хусейнов- «Айлана» ЖК қызметкері

– Ауылда жұмыс бар. Әрине ерінбей еңбектенсең, оның жемісін көруге болады. Қазір міне сиырлар төлдеп жатыр. Оларға күтім қажет. Жем-азық уақытылы беріліп отырса болды.Оның үстіне техника бәрі жаңа, алаңсыз жұмыс жасауға мүмкіндік бар.

Жалпы өткен жылы «Қазагромаркетинг» АҚ СҚОФ арқылы 663 млн теңгенің 42 өтініші мақұлданыпты. Көбіне солтүстікқазақстандықтар мал шаруашылығын дамыту мен астық сақтайтын орындарын кеңейтуге субсидия алған.

Қанат Бейсенов- «Қазагромаркетинг» АҚ СҚОФ директоры

– Субсидия көлемі 20 мен 80 пайыз араығында. Олардың өзі түрлі бағыттарға байланысты 18-ге бөлінеді. Қазір біз ағымдағы жылға өтініштерді қабылдап жатырмыз.

Өкінішке орай, серіктестіктің өзіне тиесілі жер телімі жоқ. Олар жайылым жер болса, малдарды сол жерде бағып, өсіруге болар еді дейді. Алдағы уақытта бұл мәселе де шешімін табатындығына мұндағылар сенімді.

 

Магжан Ахмадина