Мәдениет

«Шертер» халықтық- фольклорлық ансамблі өз концертін өткізді

Құрылғанына 16 жылдан астам уақыт өткен ансамбльдің құрамы жаңарып отырса да, оларды біріктіретін музыкаға деген құлшыныс өзгерген емес. Олар түрлі халықтардың әндерін шырқап, күйлерді құйқылжыта орындайды.

Жеңіс Қабдолбәриев- «Шертер» халықтық-фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі

– Репертуарымызда көбіне халық әндері, қазақ композиторларымыздың әндері, күйлері бар.Әр ұлттық шығармаларын да орындауға тырысамыз.

«Шертер» ансамблі қазақтың көнерген аспаптарын насихаттауға да үлес қосып келеді. Олар саз сырнай, адырна және шертер. Соңғысында Самал Асылбаева ойнайды.

Самал Асылбаева- «Шертер» халықтық-фольклорлық ансамблінің мүшесі

– Мен бұл аспапта колледжде оқып жүргенде қосымша аспап ретінде меңгердім. Қазір осы СҚМУ қабырғасывнда құрылған ансамблде ойнап келемін. Мұның домбырадан ерекшелігі домбыра 2 шекті болса, шертер 3 шекті болып келеді. Ал үн жағына келер болсақ, екеуі ұқсас боп келеді.

Шығармашылық ұжым әзірлеген концерт көрермендер көңілінен шықты.

– Қазақ күйшілерінің күйлері орындалаып жатыр. Мысалы Құрманғазының Жалпы барлығына ұнады деп ойлаймын.


– Маған халық әндері ұнайды. Сондықтан осы концертке келдім. Әншілердің орындауы көңілімнен шықты.

Жалпы ансамбль М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары мен стунденттерінің басын біріктірген. Барлығы 20 адам өнер көрсетеді.

 

Магжан Ахмадина.