Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы кандидатурасын теріскейлік ауыл шаруалары бірауыздан қолдайды

Владимир Очеретенко – “Якорь СК” ЖШС директоры

– Еліміздің барлық жетістіктері, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа танылуы, мемлекеттегі осынау күрделі кезеңдегі тұрақтылық осының барлығы әрине де қазіргі елбасының атымен байланысты. Біз алдағы уақытта да мемлекеттің басында беделді көшбасшы тұруы тиіс деп санаймыз.

Н. Назарбаевтың кандидатурасын теріскейлік диқандар бір ауыздан қолдаймыз деп отыр. “Алекри” фирмасы 1996 жылдан жұмысын бастаған болатын. Қожалық биылдың өзінде жүз жиырма миллион дана тауық жұмыртқасын өндіруді көздеп отыр.

Александр Прядко – “Фирма «Алекри” ЖШС директоры

– Мен Нұрсұлтан Назарбаевты елімізді қиын-қыстау уақыттан аман-есен алып шыққан көреген басшы деп білемін. Қазірде экономинаның қай саласын алып қарасақ та – алға ілгерілеушілік бірден байқалады. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге үлкен қолдау бар. Өзіміздің шаруашылық мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі көмектерді ұтымды пайдаланып келді. Осының арқасында өндіріс ауқымын арттырып, бәсекеге қабілетті өнім өндіріп келеміз.

Отырыс барысында өңіріміздегі өзге де ірі агроқұрылым басшылары сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.

 

 

Бакыт Садуакасов.