Өнеркәсіп

Зауыттықтар Н.Назарбаевтың кандидатурасына қолдау танытуда

Қуаныш Бишімов – “ПАМЖ” АҚ бас директоры.

-Бізде кәсіпорындардың тұралап қалған кездері болды. Сонда Президенттің саясатының арқасында алға ұмтылып, дамудың даңғыл жолына түстік. Біз, баршамыз осы бағытты қолдаған жағдайда елдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыра түсеміз.

Бұған дейін ақпан айында зауыттықтар Мемлекет басшысына кезектен тыс сайлау өткізуді қолдап, әрі оның басшылығымен елді дамытуды жалғастыру туралы үндеу хатын жолдаған болатын.

Владимир Зарубин – “ПАМЖ” АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы.

-Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін Елбасының ерекше саяси ұстанымының арқасында бүкіл әлемге аз уақыттың ішінде таныла бастады. Бізді қазір дүние жүзі прогрессшіл қоғамы мен ашық және достықты ту еткен саясаты бар, экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде таниды.

Петропавл ауыр машина жасау зауытында бүгінде 1 100 адам еңбек етеді. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, кәсіпорын тұрақты даму үстінде. Жыл басынан бері мұнда мұнай-газ өнеркәсібіне арналғаан 3 млрд теңгенің құрылғылары шығарылыпты. Ендігі жоспар – 2015 жылы бұл көрсеткішті 8 млрд-қа жеткізу. Негізгі тапсырыс берушілер – ұлттық мұнай компаниялары. Осындағы цехтарда жұмыс қарқыны қызу. Құрастырушы ұста Гафар Абкановтың зауытта жұмыс істеп жүргеніне – 38 жыл. Ол жалақымды тұрақты түрде алатыныма бүгінгі мемлекетке ризамын дейді.

Гафар Абканов – “ПАМЖ” АҚ құрастырушы ұстасы.

-Біз Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдаймыз. Ол біздің зауытта 2 рет болды. Елбасының әрбір сапары сайын зауыттағы тұрақтылық нағая түседі. Алатын жалақымыз да жақсы.

Кәсіпорынды жаңғырту мен жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде соңғы жылдары зауыттағы өнімділік бірнеше есеге артқан.

Валерий Бизюк – “ПАМЖ” АҚ фрезершісі.

-Құрылғылар ауыстырылып тұрады, тиісті жағдайлар жасалуда. Әл-ауқатымыз көтерілуде. “Нұр Отан” партиясының мүшесі ретінде біздің мемлекетіміздің саясаты толықтай менің көңілімнен шығады. Бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатырмыз. Ары қарай да осылай болу керек. Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясаты дұрыс.

Петропавл ауыр машина жасау зауытында былтырдан бастап энергетикалық қазандықтар жасалуда.

 

Данаш Хамзина.