Денсаулық сақтау

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық қан орталығы акция өткізді

Сабыржан Тәукелов – Облыстық қан орталығының директоры.

-Бүгін біздің орталық қан тапсыру акциясын ұйымдастырып жатыр. Шараның мақсаты – басқа адамдардың өміріне араша болу үшін қоғамды үнемі және ақысыз түрде қан доноры болуға шақыру. Аталған акциямыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады. Ол үш кезеңнен тұрады.

Қан тапсыру акциясының бірінші кезеңінде 100-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Олардың арасында студенттер, спортшылар мен халық қалаулылары бар. Мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында, қалалық мәслихаттың депутаты Владимир Витченко да бүгін орталыққа келіпті.

Владимир Витченко – қалалық мәслихаттың депутаты.

-Мен әрқашан да осындай акцияларға қатысып отырамын. Өзім алғаш рет студенттік кезімде қан тапсырған едім. Содан бастап, бұл дәстүрге айналды. Менің ойымша бұндай шаралардың арқасында, донорлардың саны артуы тиіс.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығана арналған қан тапсыру шарасының келесі кезеңі сәуірде өткізілмек. Жалпы дәрігерлердің айтуынша, соңғы уақытта орталықта сақталатын қан көлемі өскен. Мәселен, 2010 жылы 4 мың 800 литр болса, 2014 жылы ол 7000-ға дейін артқан.

 

 

Сагыныш Маркашева.