МТРА жаңалықтары

Петропавлда бірінші музыкалық ән байқауы өтеді

Инесса Богинская – ұйымдастырушы.

-Жобаны қаламызда өткізуді бұрыннан ойластырып жүрген болатынбыз. Өңіріміздегі әншілерді осы байқауға қатысуға шақырғанда, барлығы бірден келісе кетті. Кеште 10 жұп жанды дауыста өнер көрсетеді. Егер мерекелік концерт, яғни конкурс солтүстікқазақстандықтар назарынан шығып жатса, оны алдағы уақытта да өткізу жоспарда бар.

Ән жобасында конкурсанттар Ильдар Сисанбаев, Александр Зайберт сияқты кәсіби әншілермен дуэт болып ән орындамақ. “Жігітке жеті өнер де аз” демекші, өнер бәйгесінде өз бағын сынайтын 10 конкурсанттың бірі – Иван Рассахацкий. Жерлесіміз темір жол саласында электромонтер болып қызмет атқарады, әрі ән шырқағанды ұнатады.

Иван Рассахацкий – байқауға қатысушы.

-Әрине, үлкен сахнада көпшілік алдында ән шырқау мен үшін қиынға соғады. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Менің жұбым сахнада өзіңді қалай ұстау керектігі жайында ақыл-кеңестірін беруде.

Естеріңізге сала кетейік, теріскей жеріндегі алғашқы музыкалық байқау Николай Погодин атындағы орыс драма театрында наурыздың 30-ы күні сағат 19-00-де өтеді.

 

Бакыт Садуакасов.