МТРА жаңалықтары

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында діни жәдігерлер көрмесі ашылды

Валентина Махиня – барлық қасиеттілер храмының кітапханашысы.

-Көрмеде 19 ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басында кәсіби және халықтық үлгіде жасалған иконалар жайғастырылған. Туындылардың діни тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге көркемдік-мәдени жағынан да маңызы өте зор. Сол себептен көрермендерге қызықты болады деп есептеймін.

Жалпы осы жолғы көрмеде дін өкілдері – православиенің түрлі мәдени және рухани салаларын айшықтайтын 40-тан астам экспозициясын ұсынды. Дені діни жазбалардың суреттері. Арасынан сіріңке шырпысынан жасалған шіркеуді де аңғаруға болады.

Владимир – Петропавл және Булаев Епископы.

-Петропавл және Булаев епархиясы православие мәдениетінен хабардар ететін көрмені осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырып отыр. Жәдігерлердің әрбірі бағалы. Арасындағы ең көне туындыға – иконалар, кілт пен рәсім жасайтын заттарды жатқызуға болады.

Көрме келушілер көңілінен шыққан сыңайлы.

-Көрме ұнады. Ол христиан мәдениетіне деген қызығушылықты арттырады.

-Мұндағы экспозициялар бірінен бірі асып түседі. Сирек иконаларды кездестіруге болады.

Айта кеткен жөн, аталмыш діни көрмені жерлестеріміз наурыз айының 20-на дейін тамашалай алады.

 

 

Бакыт Садуакасов.